Бекзат Бекежан­ұлы невролог дәрігер, кинезиолог

Бас ауруы, арқа ауруы, бас айналу. Инсульттан, жарақаттан және омыртқа отасынан кейінгі қалпына келу.

Сізді не мазалайтынын сұрап, тексеріп, ем жоспарын ұсынады. Астанадағы Alan Clinic клиникасында қабылдауға жазылыңыз.

Бекзат Бекежанұлы (Бекежанулы, Бегжанулы, Бекжанұлы, Bekzat Bekezhanuly), невролог дәрігер
  • 12 жыл реабилитацияда
  • 1000-нан астам пациент
  • 8 курс және конференция

Нейрореабилитация

Сабақтарды невролог дәрігердің өзі жүргізеді

Инсульттан, жұлын жарақатынан немесе омыртқа отасынан кейін қалпына келіп жүргендерге арналған.

Курс — 5–10 сабақ. Сізге қанша керегін дәрігер кеңестен кейін айтады. Клиникаға келе алмасаңыз, дәрігер кеңес беру үшін үйіңізге барады.

Әдістер

ТМС
транскраниалды магниттік ынталандыру
ВТЭС
Кинезиотерапия
қозғалыспен емдеу
Магниттік ынталандыру және ЕДШ
жамбас түбі бұлшықеттеріне арналған

Қабылдау қалай өтеді

Жазылудан ем жоспарына дейін

Невролог дәрігер Бекзат Бекежанұлы неврологиялық балғашықпен пациенттің рефлекстерін тексеріп отыр
  1. WhatsApp арқылы жазылу

    Клиника координаторына жазып, уақытты келісіңіз.

    Дс–Жм, 13:00–17:00

  2. Кеңес

    Дәрігер сізді не мазалайтынын сұрап, тексеріп, қимылдарыңызды бағалайды. Үзінді көшірмелер мен МРТ суреттері болса, ала келіңіз.

    30 минут

  3. Ем жоспары

    Дәрігер не болып жатқанын түсіндіріп, жоспар ұсынады: ем, нейрореабилитация сабақтары немесе бақылау.

Дәрігер туралы

2014 жылдан бері Ұлттық нейрохирургия орталығында: ЕДШ нұсқаушысынан невролог дәрігерге дейін

ЕДШ — емдік дене шынықтыру: қимылды қалпына келтіруге көмектесетін жаттығулар.

  1. 2014–2016

    ЕДШ нұсқаушысы

    ҰНО нейрореабилитация бөлімшесі

  2. 2016–2023

    Мейіргер

    Сол нейрореабилитация бөлімшесі

  3. 2023–2025

    «Неврология (ересектер, балалар)» резидентурасы

    Ұлттық нейрохирургия орталығы

  4. 2025 жылданқазір

    Невролог дәрігер

    ҰНО консультациялық-диагностикалық бөлімшесі

Пікірлер

Пациенттер 2ГИС-те қабылдау туралы не жазады

  • «До обращения к нему я долго проходила обследования…»

    Айгуль Т. · 2026 жылғы 18 тамыз

    Хочу выразить огромную благодарность доктору-неврологу Центра нейрохирургии Бекзату Бегжанулы за его профессионализм, внимательность и отзывчивость.

    До обращения к нему я долго проходила обследования и консультации у разных специалистов, но точный диагноз мне поставить так и не смогли. Доктор Бегзат Бегжанулы практически сразу смог определить причину моих жалоб и предположил точный диагноз ещё до проведения МРТ. После обследования его диагноз полностью подтвердился.

    Особенно хочется отметить его внимательное и ответственное отношение к пациенту. Он подробно всё объясняет, грамотно подбирает лечение и действительно заинтересован в результате.

    Сейчас я продолжаю лечение у него, в том числе прохожу курс кинезотерапии. Первый курс уже завершила и могу сказать, что чувствую заметное облегчение и улучшение самочувствия.

    Спасибо Вам, доктор, за знания, профессионализм, доброжелательность и человеческое отношение! Желаю Вам крепкого здоровья, успехов в работе и благодарных пациентов. Очень рада, что попала именно к Вам!

  • «Внимательно выслушал, ответил на все мои вопросы, долго меня осматривал…»

    Valentina P. · 2026 жылғы 15 қаңтар

    Я, Петров ИГ, был вчера на приеме у врача невропатолога БЕКЕЖАНУЛЫ БЕКЗАТ. Он принял меня очень хорошо, внимательно выслушал, ответил на все мои вопросы, долго меня осматривал и дал нужные рекомендации, показал для чего они и как их делать. Хочу пожелать ему, как у нас в России говорят, «дай Бог ему здоровья».

    Руководство национального центра нейрохирургии прошу выписать ему премию за профессиональную добросовестную работу!

Қашан жазылу керек

Баруды қашан кейінге қалдырмау керек

Кеңеске жазылыңыз, егер:

  • бас ауруы қайталанса немесе жұмыс істеуге, ұйықтауға кедергі келтірсе
  • мойын не арқа ауруы қолға немесе аяққа берілсе, ұю пайда болса
  • бас айналу қайталанса немесе жүруге кедергі келтірсе
  • инсульттан, жарақаттан немесе отадан кейін қимылды қалпына келтіру керек болса

Қол немесе аяқтың кенет әлсіреуі, беттің қисаюы, сөйлеудің бұзылуы

Бұл инсульт белгілері болуы мүмкін. Жазылуды күтпей, бірден 103 нөміріне қоңырау шалып, жедел жәрдем шақырыңыз.

Жазылу

WhatsApp-та координаторға жазыңыз

Координатор сізді ыңғайлы уақытқа жазып, қабылдау мен құны туралы сұрақтарға жауап береді. Дәрігер жұмыс күндері 13:00-ден 17:00-ге дейін қабылдайды.

Кеңеске жазылу (жаңа бетте ашылады)

Клиника координаторының WhatsApp-ы ашылады

Кеңес. 30 минут: невролог тексеруі және кинезиотерапия жоспарымен қимылды бағалау.

Сабақ. 1 сағат, дәрігердің өзі жүргізеді.

Курс. 5–10 сабақ. Сізге қанша керегін дәрігер кеңестен кейін айтады.

Бронь. Жазылуды растайды және кеңес құнына кіреді.

Ауыстыру. Координаторға 24 сағат бұрын ескертсеңіз, тегін.

Қабылдау қайда өтеді

Alan Clinic, Астана қ. Әлихан Бөкейхан к-сі, 11, 1-қабат

2ГИС-те ашу (жаңа бетте ашылады)
  • Қабылдау қазақ және орыс тілдерінде
  • Тек ересек пациенттер
  • Онлайн кеңес жоқ
  • Үйге барып кеңес беру бар
Дәрігер қабылдайды
Дс–Жм, 13:00–17:00
Клиника телефондары
+7 7172 63 06 30
+7 701 859 06 30

Сұрақтар мен жауаптар

Жазылар алдында жиі қойылатын сұрақтар

Жауап таппадыңыз ба? WhatsApp-та координатордан сұраңыз (жаңа бетте ашылады)

Қабылдау жұмыс күндері, 13:00-ден 17:00-ге дейін

Клиника координаторы WhatsApp-та жауап беріп, сізді қабылдауға жазады.

Кеңеске жазылу (жаңа бетте ашылады)
Кеңеске жазылу (жаңа бетте ашылады)